Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев хабарлады. Сөзіне сенсек, қазір медицинада кадр тапшылығы өзекті мәселе болып саналады.
Денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын 20-30% артып отыр. Бұл – медицина қызметкерлерін әлеуметтік қорғауда өте үлкен маңызға ие. Алайда салада медициналық кадрдың тапшылығы бар. Біздің мәлімет бойынша денсаулық сақтау саласында 8 мыңнан аса кадр тапшы. Бұл тенденция соңғы жылдары байқалып отыр. Оның саны артып та келеді. Кадрларды сақтап, оларға жағдай жасау бойынша бірқатар ұсыныс болды, – деді Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысында.
Сенат төрағасының сөзіне сенсек, дәл қазіргі таңда нақты шешім қабылдауды қажет ететін жағдай туындап отыр. Сондықтан, оларды әзірлеп, Үкіметпен бірлесіп іске асырамыз деп отыр.