328
Павлодарда лифтке мінген ер кісінің түсініксіз әрекеті ондағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеоны @tipavlo Telegram-каналы жариялаған. Оқиға Ломов көшесіндағы №156/2 тұрғын үйде болған. Куәгерлер дереу полиция шақырған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 37 жастағы павлодарлықты ұстады. Ол теріс әрекеттер жасап, лифтідегі айнаны сындырған.
«Ер адам Усолка көшесі 42 мекенжайында орналасқан Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығына жеткізілді. Қала тұрғынына қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі», – деді Павлодар қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.