Қазақстанда енді сенім хаттарды онлайн алуға болады

329

Қазақстан азаматтары енді сенім хаттарды нотарусқа бармай-ақ үйінде отырып рәсімдей алады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook парақшасында жазды.

«Бүгін Әділет министрі Азамат Несіпбайұлымен жаңа сервис – Цифрлық нотариаттың таныстырылымын өткіздік. Ол eGovMobile ұялы қосымшасы арқылы нотариалды түрде куәландырылатын сенімхаттарды онлайн форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді. Оны шетелде жүрген азаматтар да пайдалана алады. Ол үшін қосымшаға кіріп, нотариусқа бейнеқоңырау шалу жеткілікті» делінген жазбада.

Мұндай сенімхат «Цифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді және оны талап ету орнына ұсынуға болады.

Бұл ретте, аталған жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Үкіметтің «цифрлық» бастамалары аясында әзірленгенін атап өту керек. Министрдің мәліметінше, болашақта мұндай қызмет екінші деңгейлі банктердің қосымшаларында да пайда болады.

Алдыңғы пост
Брокер боп істейтін тұрғынды аяусыз ұрып-соғып, тонап кеткендер ұсталды
Келесі пост
Бүгін шымкенттіктер сыбайлас жемқорлыққа шағымдана алады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu