Брокер боп істейтін тұрғынды аяусыз ұрып-соғып, тонап кеткендер ұсталды

208

Түркістан облысы Келес ауданында брокер (делдал) боп істейтін тұрғынды тонап кетті. Жәбірленуші полициядан көмек сұраған. Ол өзін түнде белгісіз біреулер ұрып-соғып, ішінде 360 мың теңге, 2000 АҚШ доллары және 57000 рубль, сондай-ақ Iphone екі телефоны болған барсеткасын тонап кеткенін хабарлады. Шығын – 2,7 млн теңге.

Ер адамның арызы Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігі “Тонау” бойынша тіркелді.

«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 6 күдікті ұсталды. Олар Келес ауданы мен Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Күдіктілерден заттай дәлел ретінде екі ұялы телефон мен ұрланған ақшаның бір бөлігі тәркіленді»,-деді облыстық Полиция департаментіндегілер.

Сонымен қатар күдіктілердің екеуі Келес ауданындағы кеден бекеті аймағында жұмыс істейтіні, олар жүк көліктерінің жүргізушілері мен брокерлерді бопсалаумен айналысқаны анықталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Алдыңғы пост
Студенттер Қаныш Сәтбаевтың мұрасы туралы ағылшын тілінде сөйледі
Келесі пост
Қазақстанда енді сенім хаттарды онлайн алуға болады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu