255
“Power International холдингі “Қазақтелеком” АҚ-на тиесілі “Мобайл Телеком-Сервис” ЖШС-ны сатып алуды жоспарлап отыр. Біз Tele2 және Altel туралы айтып отырмыз. Кезінде ұлттық компания оларды 255 миллиард теңгеге сатып алған”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, биыл 20 қаңтарда Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ын сату туралы шешім қабылданды. Ал кеше Катарда «Қазақтелеком», «Самұрық-Қазына» және Power International Holding қол қойылған келісім аясында «МТ-С» капиталындағы 100% үлесті сату бойынша ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл шарттары туралы келісім жасады.