Терроризмді насихаттады деген күдікпен 17 жастағы тұрғын қолға түсті

163

ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікпен Атырау облысының 17 жастағы тұрғынын қолға түсірді.

“Тінту кезінде одан тергеуге қызығушылық білдіретін материалдар алынды. Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Бұған дейін, бұл азамат сотты болған.  Қабылданған процестік және профилактикалық шараларға қарамастан, ол құқыққа қарсы әрекеттерін жалғастырды. Бұл ретте, террористік қылмыстар үшін жауапкершілік 14 жастан басталады”, – делінген хабарламада.

2023 жылы күдікті ұқсас қылмыс үшін 2 жылға бас бостандығынан шектеуге жазаланған.

Алдыңғы пост
“Қазақтелекомның” екі ұялы байланыс операторы катарлық инвесторларға өтеді
Келесі пост
Зейнетақы қорынан алынған 316 миллиард теңге құбыр салуға жұмсалмақ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu