358
Түркістан облысы Қазығұрт ауданында жедел уәкілдер есірткі өсімдігін сақтап, өсіруге күдікті ретінде Қазығұрт ауданының тұрғынын анықтады.
Полицейлер оның үйін тінту кезінде бақшасынан көкнәрға ұқсас 3900-ден астам түп есірткі тауып тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған өсімдіктің жалпы салмағы 160 келіден асатын көкнәр екені расталды.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.