409
Батыс Қазақстан облысында жол апаты болып, мотоцикл тізгіндеген жүргізуші оқиға орнында жан тапсырды. Оны жеңіл көлік жүргізушісі қағып кеткен.
Оқиға кеше, 10 сәуір күні Бәйтерек ауданының орталығы Переметный кентінде сағат шамамен кешкі 19.30-да болған. 1997 жылы туған жүргізуші «Volkswagen Passat» автокөлігімен келе жатып, Гагарин көшесінде орналасқан №92 үйдің қарама-қарсы бетінде бұрылған. Осы кезде «Suzuki» мотоцикліне жол бермеген. Соның салдарынан мотоциклді тізгіндеген 35 жастағы жүргізушіні қағып кетті.
Облыстық Полиция департаментіндегілер жола апатына қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.