210
Әзірге бұл ереже Астана мен Алматы қалаларының жүргізушілеріне қатысты болмақ.
“Бағдаршамның сары белгісі қозғалысқа тыйым салады, ал жыпылықтаған жасыл белгі енді тыйым салу белгісінің іске қосылатынын ескертеді. Мұндай заң бұзушылықтар камераға жазылып, көлік иесіне автоматты түрде айыппұл салынады”, – деді полиция.
Ал, сәуір-мамыр айларынан бастап шымкенттік жүргізушілерде осы ережеге бағынуына тура келеді.
Айта кетейік, бағдаршамның сары түсінен өткендерге 36 920 теңге айыппұл салынады. Ал 1 жыл ішінде осы заңбұзушылық қайталанса, айыппұл сомасы үш есе өсіп, 110 760 мың теңге төлейді.