Күдіктілерден 1382 ақбөкен мүйізі тәркіленді

75

Ақбөкен мүйізін сатушылар мемлекетке 3,5 миллиард теңге шығын келтірген.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі департаментінің хабарлауынша, үш қазақстандық азамат ұсталды. Тінту кезінде олардан 1382 ақбөкен мүйізі тәркіленген. Қазіргі таңда ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Егер, кінәсі дәлелденсе, үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, елімізде  2023 жылға дейін ақбөкен атуға тыйым салынды. Бұл шара киіктердің санын көбейтіп, оларды сақтау мақсатында жасалған болатын.  Даланың сәні саналатын ақбөкенді аяусыз қырып, мүйізін пайда қылғысы келетіндер азаймай отыр.

Болжамды деректер бойынша, 2023 жылдың соңында киіктердің саны төлдерін есептеп отырып, шамамен 2,6 млн басты құрады. Оның ішінде Орал популяциясының саны 1,5 млн-нан асқан болатын.

Алдыңғы пост
Елімізде Путин, Байден, Трамп тұрады
Келесі пост
Бағдаршамның сары белгісіне өтсеңіз, айыппұл арқалайсыз

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu