“Бақытты отбасы” бағдарламасы бойынша 324 пәтерге өтінімдер қабылдануда

162

“Отбасы банк” АҚ “Жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарды беру арқылы әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді сату” бағытына қатысуға өтініштердің қабылданғаны туралы хабарлайды. Бағдарлама Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырылады.

“Таза” әрлеуде 1 шаршы метр тұрғын үйдің құны: 200 000 теңге,

Тұрғын үй бірліктерінің саны: 324

Тұрғын үй түрі 1-бөлмелі: 108- пәтер, максималды ауданы 49,35 ш. м.;

Тұрғын үй түрі 2-бөлмелі: 108- пәтер, максималды ауданы 66,07 ш. м.;

Тұрғын үй түрі 3-бөлмелі: 108- пәтер, максималды ауданы 82 ш. м.;

Қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі: 18.08.2023 жыл. бастап 11.09.2023 жыл.

Сатып алушылардың тізімдерін қалыптастыру (Үміткерлерді іріктеу) күні: 12.09.2023 жыл.

Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке қою күні сәйкес келген кезде -қатысуға өтініш беру күні мен уақыты бойынша.

Пулға қатысу туралы өтінішті Otbasybank.kz. жылжымайтын мүлік порталында беруге болады

Өтініштер менің кезекте тұрған Банк салымшыларынан келесі санаттар бойынша ғана қабылданады:

1) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар азаматтар;

2) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

3) жетім балалар, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

4) көпбалалы отбасылар;

5) толық емес отбасылар (2022 жылдың негізгі тізімінен “Бақытты отбасы” бағыты бойынша қатысушылар).

Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында қарыз сомасының кемінде 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған кезде мүмкін болады.

Берілген өтініштерді пулға тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің байланыс орталығына келесі нөмір бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 300 (ұялы телефоннан тегін)

Сонымен қатар, “Шаңырақ” ипотекалық бағыты бойынша өтінім қабылдау басталатынын айтқан болатынбыз.

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасы аясында “Шаңырақ” ипотекалық бағыты бойынша тұрғын үй кезегіндегі азаматтардан өтінімдерді қабылдау мерзімі 22.08.2023ж. бастап сағат 10:00 ден 31.08.2023ж. 19:00-ге дейін аралықта жүргізіледі.

«Шаңырақ» бағыты бойынша тұрғын үйлер пул құрусыз  өткізіледі.

Нысандар «Шымкент қаласы,”Тұран” шағын ауданы 9 қабатты №6,№8,№10,№12, №№39,40,41,42,43, 49,50,52,53 тұрғын үйлерде орналасқан.

Тұрғын үйдің «таза» әрленгендегі 1 ш.м. бағасы 200 000 теңге.

Тұрғын үй бірліктерінің саны 3 пәтер.

Пәтер түрі 1: 1 бөлме 1 пәтер, ең үлкен аумағы 42,54 ш.м..

Пәтер түрі 2: 2 бөлме 2 пәтер, ең үлкен аумағы 61,19 ш.м..

Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): брондау мерзімі аяқталғаннан бастап 5 (бес) жұмыс күні.

Өтініштер тұрғын үй кезегінде  тұрған, оның ішінде “Бақытты отбасы” бағыты бойынша келесі санаттар бойынша  қабылданады:

1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;

2) көп балалы отбасылар;

3) толық емес отбасылар.

Өтінішті беру Банктің https://otbasybank.kz/ интернет ресурсында жүзеге асырылады.

Алдыңғы пост
“Шаңырақ” ипотекалық бағыты бойынша өтінім қабылдау басталады
Келесі пост
“Ресейлік турист болуы мүмкін”. Алматыда ер адамның мәйіті табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu