Қазақстанда банкрот мәртебесін алу үшін 49 113 адам өтініш берген. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті берешекпен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасы басшысының орынбасары Меруерт Сисембаева ведомствоның Facebook парақшасында өткен тікелей эфир барысында айтты. Спикер өз сөзінде банкрот мәртебесін алу үшін азаматтардан өтініш қабылдау 3 наурыздан басталғанын және әлі де жалғасып жатқанын алға тартты. Өтініштер 15 жұмыс күні ішінде қаралады.
«Бүгінгі жағдай бойынша 49 113 азамат өтініш келіп түсті. Өтініштер қаралып жатыр, дегенмен басым бөлігі бойынша бас тартылып жатыр. Статистикаға сүйенсек, 36 мыңға жуық азаматтың өтініші кері қайтарылды. Ал 6058 клиенттің сотсыз банкрот атану өтініші рәсімделді», – деді ол.
Айта кетейік, банкрот атануға ниет білдіргендерге қойылатын талаптардың бірі соңғы 12 ай ішінде төлем бойынша берешегі болмауы тиіс. Мамандар ел тұрғындары өтініш бермес бұрын алдымен қажетті мәліметтерді кредиттік бюродан алдын ала біліп алуға кеңес береді.