Қытайдағы қазақ жігіті Астанаға жаяу аттанды

335

Қытайда тұратын қазақ жігіті Астанаға жаяу аттанды. Санжы облысы Манас ауданында туып-өскен жас жігіт бұл саяхатын төрт жыл армандаған екен.

Манас ауданынан жаяу шыққан Қытай азаматының есімі – Есбол Асқарұлы. Жасы 25-те. Ол 3 шақырымды жерді артта қалдырып, Қазақстан астанасына жаяу бару үшін көптеген жаттығу жасаған. 1 мамыр күні жолға шыққан қазақ жігітін жерлестері зор қошеметпен  шығарып салды. Ол сәттің видеосын ТікТок қолданушысы парақшасында жариялады.

Өз сөзінде жиһангез Есбол Асқарұлы жол бойында саяхат пен тарихи орындарды, ескерткіштерді аралап, оның видеосын оқырмандарымен бөлісуге уәде етті.

Жас жігіттің батылдығына тәнті болған желі қолданушылары оған сәттілік тілеп, елордаға аман-есен жетіп алуын тіледі.

Алдыңғы пост
Ер адам 74 жастағы әжейді басынан балғамен ұрып тонап кеткен
Келесі пост
Банкрот мәртебесін алу үшін 50 мыңға жуық қазақстандық өтініш берген

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu