278
9 қарашада Астана мейрамханаларының бірінде болған жанжалдан кейін әйел адам қайтыс болған. Азаматшаны өлтірді деген күдікпен экс министр Қуандық Бишімбаев ұсталған.
Айта кетейік,2018 жылдың 14 наурызында 10 жылға сотталған. Сот Бишімбаевты Қызылорда қаласында салынуға тиіс шыны зауытына бөлінген 1 млрд теңгені жымқырды, пара алды деген баптар бойынша кінәлі деп тапқан.Кейін Шымкенттегі қауіпсіздігі орташа деңгейдегі түзету мекемесіне ауыстырылды.
2019 жылдың қарашасында 10 жылға сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев түрмеден босап шыққан болатын.