197
Алып күш иесі, Азамат Мақұлбеков 500 келілік арбаны сүйреп, жұртты таңқалдырды.
Осылайша, алыптар сайысы бойынша Азамат Мақұлбеков, алтыннан алқа тақты. Ол 16 елден келген 16 спортшының ішінен үздік нәтиже көрсетті.
Спортшының өз салмағы – 109 келі. Бұл алыптар арасындағы ең жеңіл салмақ көрсеткіштерінің бірі.