Мәжіліс Парламенті депутаттары, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі комитетінің мүшесі Ғалымжан Елеуов пен аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Қазыбек Әлішевтің Ақтөбе облысындағы сапары жалғасуда. Аманаттық депутаттар өңірдегі бірқатар ауданды аралап, стратегиялық нысандардың жұмысымен танысуда. 10 шілде күні жұмыс сапары барысында депутаттар Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Ақтөбедегі 6655 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесіп, әскери бөлімге ат басын тіреді. Кездесу барысында ел қалаулылары әскери бөлімнің тыныс-тіршілігінен хабардар болып, сарбаздардың күн тәртібімен және қызмет барысымен танысты. Кездесу аясында Ғалымжан Алмасбекұлы мен Қазыбек Құрманғалиұлы қызметкерлерді толғандыратын мәселелерге тоқталып, шешім жолдарын қарастыруды қолға алатынын мәлімдеді. Сапар аясындағы кездесу соңында Мәжіліс депутаттарымен сұрақ-жауап форматындағы жылы сұхбат жүргізіліп, қорытындыланды.
Депутаттар Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөлімінің қызметімен танысты
Теги: Қазақстан жаңалықтары
360
Видео
Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді