312
Жетісу облысының полицейлері тыйым салынған діни ұйым өкілінің үйінен есірткі тапты. Ол, Сарқан ауданының 45 жастағы тұрғыны. Оның үйін тінту барысында, 13 қап марихуана анықталды.
Біз ер адамның Қазақстан аумағында тыйым салынған діни ұйымның жақтаушысы екенін білеміз. Осыған байланысты, жедел іс-шаралар облыстық прокуратураның үйлестіруімен жүргізілді. Қазір есірткіні заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп мәлімдеді Жетісу облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы.