Психотроптық заттарды сақтаған қарағандылық 10 жылға сотталды

343

Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың қыркүйек айында есірткі, психотропты заттарды сақтаумен айналысқан Қарағанды тумасының заңсыз әрекетін әшкерелеген болатын. Тергеу барысында белгілі болғаны, ол қылмысын іске асыру мақсатында өткен жылдың күзінде Атырау қаласына келген. Кейін қала аумағында есірткі мен психотроптық заттарды Telegram мессенджері арқылы белгісіз тұлғадан сатып алып, екінші жерге жасырып кетіп жүрген. Оның тұрғылықты мекен жайын тінту кезінде психотроптық заттарды орау материалдары, шыны құтылар, электрондық таразы мен түтікшелер тәркіленген.

Атырау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық іс материалдары сотқа жолданды. Тағайындалған сараптама қорытындысы нәтижесінде  Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Алдыңғы пост
Ломбардтан қымбат тон ұрлаған ер кісінің әрекеті видеоға түсіп қалды
Келесі пост
Ақтауда кішкентай екі қызды көлік қағып кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu