462
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі абоненттердің бағаны көтеру туралы өтініштерін қарау аясында ағымдағы жылы тарифтік жоспарлардың шарттары мен ұялы байланыс қызметтеріне бағаның өзгеру динамикасын талдады. Нәтижесінде, ағымдағы жылы, ұялы байланыс операторларының тарифтік жоспары бойынша бағаның 7,7%-дан 57,3%-ға дейін айтарлықтай өсуі анықталған.
Осыған байланысты, тиісті органдар, «Кселл» АҚ, «МТ–С» ЖШС (Tele2/Altel) және «Кар-Тел» ЖШС (Beeline) ұялы операторларына қатысты тергеп-тексеруді бастады.