Халық қалаулылары несие берудегі тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқығын қорғау мәселелерін реттейтін заң жобасын әзірледі. Соған қарай, бірнеше өзгертулер бар.
➖Кредит төлеу мерзімі өтіп кеткенде азаматтарға жаңа тұтынушылық несие беруге тыйым салу;
➖90 күн өткеннен кейін барлық кредит бойынша сыйақы есептеуге тыйым салу;
➖Балалары бар отбасыларды жылыту маусымында жалғыз баспанасынан шығаруға тыйым салу;
➖Өндіріп алу нәтижесінде банктің меншігіне өткен тұрғын үйді бұрынғы иесіне (қарыз алушыға) жалға беруге мүмкіндік беру;
➖Төлем талабын қойған кезде банк шотында кемінде 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі (99 мың теңге) мөлшерінде ақшаны сақтау;
➖Кредит алудан ерікті түрде бас тартқан жағдайда азаматтардың кредиті бойынша борышты есептен шығару.