Шымкентте қараусыз қалған жануарларды уақытша ұстауға арналған ғимарат тұрғызылуда

150

Шымкент қаласында қараусыз қалған жануарларды уақытша ұстауға арналған ғимарат құрылысы жүріп жатыр. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Ақтас шағын ауданында салынып жатқан нысанның құрылыс жұмыстарымен танысты. Жануарларды уақытша ұстауға арналған ғимараттың құрылысы биылғы жылдың сәуір айында басталған болатын. Қазіргі уақытта құрылыстың бастапқы сатысы бітуге таяу, яғни 20 пайызға орындалған. Жоба бойынша бұл 1 гектар аумақта әкімшілік шаруашылық кешені, оқшаулағыш орын, карантин ғимараты, қойма, қараусыз иттер мен мысықтарды өз алдына бөлек уақытша ұстау павильоны орналасады. Нысан құрылысы 2024 жылы аяқталып, пайдалануға тапсыру жоспарлануда.

Айта кету керек, Шымкентте қаңғыбас ит-мысықты зарарсыздандыруға тиісті қаржы  бөлінді. Қыркүйектен бастап азаматтар үй жануарын тіркеуге міндеттеледі. Ол үшін, қазынадан 139,5 млн теңге қаржысы Шымкенттегі қаңғыбас ит-мысықтарды зарарсыздандыруға бөлінген.

Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы зарарсыздандыру мен тіркеудің нәтижесінде қаңғыбас ит-мысықтың саны азаятынын айтады. Егер тіркемеген жағдайда иесіне 5-10 АЕК арасында айыппұл салынады. Ал кастрацияланған ит-мысықтар чиптелгеннен кейін қоршаған ортаға қайта жіберіледі.

«Арнайы ветеринарлық мамандар тексеру жүргізіп, стерилизациялау, кастрация жұмысына шешім қабылдап, соны орындайды. Одан кейін вакцинация жүргізіледі. Заңға сәйкес қаңғыбас жануарлар есепке алынады. Яғни, оның құлағында чип болады. Барлық іс-шараны өткеннен кейін барып, агрессия білдірмеген жағдайда оны мекен ету орталығына қайта жіберіледі. Жалпы 20 мың бас. Оның ішінде ит-мысық та қарастырылған. 8400 бас аталық иттерге, 2100 бас аталық мысыққа, 4500 бас ұрғашы мысықты залалсыздандыруға қарастырылған. Аулау барысында барлығы нақтыланып, соған сәйкес тиісті шығын анықталады», – деді Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров.

Жауапты мамандардың айтуынша, мұның барлығы 2021 жылғы 30 желтоқсанда қабылданған заңға сәйкес Экология министрлігі бекіткен заң нормаларына сәйкес, еліміздің барлық өңірінде жасалып жатқан іс-шара.

Биыл Шымкентте шамамен 20 000 бас иесіз ит-мысықты аулап, қоғамға қауіп төндіретіндері болса, оларды жансыздандырып, қалғанын есепке алып, вакцинация мен стерилизация жасап, чиптеу жоспарланған.

Айта кетейік, өткен жылы үшінші мегаполис бойынша жалпы 40 мың  ит-мысық ауланған. Ал ол үшін бюджеттен 130 млн теңге  бөлінген.

Алдыңғы пост
Қыркүйекте Құрсай шағын ауданы ауызсумен толық қамтылады
Келесі пост
Сәуле елдімекенінде 1 мыңнан астам абонент көгілдір газбен қамтылады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu