Елімізде құтқарушылар мен өрт сөндірушілерге жаңа форма тігіледі

288

Бүгін аппараттық кеңесте Төтенше жағдайлар  министрі Сырым Шәріпханов ведомствоның бейінді құрылымдық бөлімшелерге өрт сөндірушілер мен құтқарушылар үшін  жаңа форма әзірлеуге кірісуді тапсырды.

Министрдің тапсырмасына сәйкес,  жауапты қызметкерлерден тұратын жұмыс тобы құрылатын болады. Олар ыңғайлы және функционалды арнайы форма жасау жөніндегі қатардағы өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың барлық ұсыныстарын ескермек. Жұмыс тобы осы бағыттағы ең жақсы әлемдік тәжірибелерді де зерттейтін болады.

«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары көбінесе жеке құрам үшін қиын әрі күрделі түрде өтеді. Осыған байланысты форма ыңғайлы да, функционалды да болуы керек. Біздің міндетіміз – құтқарушыларға өздерінің функционалдық міндеттерін орындау кезінде барынша жайлылықты қамтамасыз ету. Дәл осындай тактика оларды заманауи құтқару техникасымен қамтамасыз етуге қатысты болуы керек», – деп атап өтті министр.

Алдыңғы пост
Шымкент әкімі”Бозарық” елді мекенінде жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты
Келесі пост
Шымкентте барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерде өсім бар

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu