​Пәтер алмақ болған шымкенттік 5 млн теңгесінен айырылды

Теги: ,
195

Мемлекеттік бағдарлама аясында кезектен тыс пәтер алмақ болған Шымкент тұрғыны алаяқтың құрбаны болды. Жәбірленушінің айтуынша, танысы баспана алуға көмек беремін деп ол үшін 5 миллион теңгесін алған. Алайда уәдесін орындамаған, ақшаны қайтармаған.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған жайт Қылмыстық кодекстің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде күдікті ер кісі қала аумағынан ұсталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы – 24-те, жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған. Жас жігіт мұндай қылмысқа қордаланып қалған қарыздарынан құтылу мақсатында барған екен. Оңай жолмен тапқан ақшаны қарыздарына таратып берген. Қазіргі кезде күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталып жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
​Ауруханада жатқан қария із-түзсіз жоғалып кетті
Келесі пост
Әлеуметтік әмиянның алғашқы екі цифрлық қызметі 2023 жылдың басында іске қосылады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu