369
Жаңа өзгерістер жәбірленушілердің өтінішінсіз әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға мүмкіндік бермек. Яғни, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау дерегі бойынша хаттама толтыру үшін куәгерлердің, көршілердің айғақтары, бейнебақылау камералары мен бейнетіркегіштің жазбалары жеткілікті. Десе де, соңғы шешімді сот қабылдайды.
“19 мамырдан бастап Қылмыстық кодекстің ауыр және ауырлығы орташа денсаулыққа зиян келтіруге байланысты жекелеген баптарына “кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділікте болған адамға қатысты іс-әрекет жасау” біліктілік белгісі енгізілді (ҚК 106-бабы, ҚК 107-бабы).
Бұл қылмыскерді оқшаулау үшін қамауға алу санкциясын қолдануға, сондай-ақ жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік береді”.