Елімізде қызылша жұқтырғандар саны 21 мыңнан асты

104

Сенат депутаты Бибігүл Жексенбайдың айтуынша, еліміз қызылша жұқтыру бойынша Африка елдерінің алдына шықты. Бұл туралы ол, Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында мәлім етті.

Депутаттық сауалымызға қоғамды мазалап отырған балалар мен жасөспірімдер арасындағы аса жұқпалы дерт – қызылшаның шектен тыс таралуы негіз болды. АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы қызылшаның жаһандық індетіне қатысты мәліметті жариялады. Онда Қазақстан ауру жұқтырғандар саны бойынша алғашқы үштікке енді. Салыстырмалы түрде айтсақ, бұл жұқпалы ауруды Эпиофияда 11 мың адам, Пәкістанда 8 мың адам, Конгода 6 мың адам жұқтырған. Тіпті, бұл көрсеткіш жөнінен Қазақстан Африка елдерінің алдына шықты.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда вакцинация проблемасы бір сәтте пайда болмаған. Жұқпалы дерттің басты себебінің бірі екпе бағытындағы жұмыстың әлі жүйелі, жоспарлы, нәтижесі сараланып жасалмай келе жатқанында болып отыр-, деді сенатор.

Сондықтан, барынша жауапкершілікпен қарап, вакцинаның жарамдылық мерзімі мен сапасын қадағалауды сұрады.

Алдыңғы пост
Ресей Украинаға дронмен шабуыл жасады
Келесі пост
Қоғамдық орында темекі шегуге қалай қарайсыз?

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu