273
Жағымсыз жағдай Алматыда орын алған. Науқас қалалық клиникалық орталыққа көз жарақатымен түскен. Бірден дәрігерлер, азаматқа ота жасап, көз жанарын аман алып қалды. Қазіргі таңда, науқастың көру қабілеті сақталды дейді дәрігерлер.
“Ота сәтті өтті, отадан кейін науқастың көзінің көру қабілеті толықтай сақталды. Көзге кірген артық затты алып тастаған соң, біз науқас көзінің торлы қабатына лазерлік коагуляция жасадық, себебі аталған отадан кейін науқаста көздің көру қабілеті төмендеп кету қаупі болды”,- дейді дәрігер.
Айта кетейік, ер азамат көз жарақатын үй жағдайында алған.