Соңғы кездері тарақанға сепкен дәріден улану фактілері жиіледі

136

Орал қаласында тұрғындар тарақанның дәрісінен уланып қалды. Зиянды препараттан зардап шегіп, көмейін күйдірген 5 азамат жедел жәрдемге жүгінген, деп хабарлады 24kz

Ауруханаға шұғыл жатқызылған 5 адамның көмейін күйдіргені анықталып, тиісті көмектен кейін олар үйден емделуге жіберілген.

5 жасар қызым әдетте ерте жатпайтын еді. Сол күні өз-өзінен әлсіреп, ұйқысы келді. Өзімнің де құлағым шуылдап, күдіктене бастадым. Сөйткенше болған жоқ, есік қақты ғой. Дәрігерлер екен. «Улы зат тарап жатыр, тез шығыңдар», – деп келіп тұр. Содан аулада тексерілген соң, ауруханаға алып кетті. Мен де, қызым да көмейімізді күйдіріппіз. Әлі өз-өзіме келе алмай жүрмін, – дейді тұрғын Надежда Швакова.

Сөйтсе, астыңғы қабатта тұратын көршілері шетелден дәрі алдырып, жәндіктерді жоймақ болған. Өзгеге кесіріңіз тимесін десеңіз, тұрғындарды ескертіп, сонымен қатар мамандармен вқылдасқандарыңыз абзал.

Алдыңғы пост
Ажырасқанына 6 жыл болған келіншек, күйеуінен зәбір көріп келеді
Келесі пост
Ер адам жиһазға арналған степлермен көзін тесіп алған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu