362
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында орналасқан Жаңажол кен орнында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ №2 газ өңдеу зауытының аумағында өрт шықты. Төтеншеліктерге қондырғы өртенгені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға кеше, 1 мамырда сағат 15:55-те (Ақтөбе облысының уақытымен) болған.
Оқиға орнынан дереу шыққан төтеншеліктер дереу аэровизуалды барлау жүргізіп, жедел штаб құрылды.
Өртті сөндіруге облыстық ТЖД және «Семсер өрт сөндіруші» ЖШС 50-ден астам өрт сөндіруші мен 9 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 20:35-те оқшауланды.
Өрттің ауданы мен себептері анықталуда.
Облыстық ТЖД мәліметінше, күйік алған 4 жұмысшы Темір ауданының орталық ауруханасына шұғыл түрде жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты.