Газадағы соғыстан 21 мыңға жуық адам жан тәсілім етті

359

Бұл туралы Газада орналасқан Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Ашраф әл-Кедра хабарлады.

Ресми деректер бойынша, соңғы тәулікте Израиль армиясының Газа секторындағы әуе және жердегі 18 операциясы кезінде 241 палестиналық қаза тауып, 382 адам жараланған.

Сонымен қатар, Ашраф әл-Кедра халықаралық ұйымдарды Газадағы ауруханалар мен медициналық қызметкерлерді, сондай-ақ ондағы жаралылар, науқастар мен босқындарды қорғауға көмектесуге шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Нетаньяху Газа секторының солтүстігіндегі Израиль қорғаныс күштерінің (IDF) позицияларында болып, олардың қолбасшыларымен сөйлескен болатын.

Олардың барлығы (израильдік әскерилер, – ред.) менен соңына дейін соғысуды сұрады. Сондықтан әскердің өтінішін ескеріп, шабуылдауды одан әрі жалғастырып, күшейтеміз. Бұл соғыс ұзаққа созылады. Жақын арада аяқталмайды, – деді ол.

Алдыңғы пост
Әйелдерге шапқан қасқырдан құтырма ауруы анықталды
Келесі пост
Талибан тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарылмақ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu