Игерілмеген жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылады

396

«Кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі жедел бөлудің тиімді тәсілдері айқындалуға тиіс. Оны жыл соңына дейін әзірлеу керек. Әрбір аймақ пен елді мекенде бос жатқан немесе мақсатына сай игерілмеген жердің бар-жоғын анықтау қажет. Бұл ақпаратты бизнес өкілдері білуге тиіс. Аталған шаралар кәсіпкерлердің ғана емес, жалпы экономиканың бәсекеге қабілетін арттыра түсетіні анық», – Касым-Жомарт Токаев.

Елімізде жайылымның жетіспеуі – ауыл шаруашылығы са¬ласы үшін өзекті мәселе. Осыған орай Мемлекет басшысы пайдаланылмай жатқан жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөнінде тапсырма берген болатын. Бұл бағытта Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы және басқа да мақсаттарға арналған жерлерге кешенді мониторинг жүргізу бойынша жұмыс тобы құрылған болатын.

«Қазіргі таңда жоғарыда аталған аудандық жұмысшы топтың бастамасымен Қазақстан Республикасы Президентінің шағын кәсіпкерлерге тексерулер жүргізуге жарияланған мораторий талаптарын ескере отырып, кәсіпкерлік субъектілерінің иелігіндегі пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін өз еркімен мемлекет меншігіне қайтаруға және нысаналы мақсатына сәйкес мал басы санын тіркетіп, игеруге бағытталған түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы ескерту хаттары таратылуда», – деген бөлім басшысы.

Қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы және құзырлы органдар бірлескен жұмыс тобы мониторинг жүргізіп, нәтижесінде бірқатар елді мекендердегі жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды. Атап айтқанда, Ынтымақ шағын ауданы аумағынан 15,73 га. және 24,15 га. бос жер учаскесі Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына тұрақты жер пайдалану құқығымен рәсімделді.

Сондай-ақ, Әл-Фараби аудандық сотының шешіміне сәйкес 6 жер учаскесін (жалпы алаңы 1,875 га) мемлекеттік меншікке алу шешімі шыққан. Осы шешім негізінде игерілмеген бос жерлер мемлекетке қайтарылды.

Бұдан бөлек, Шымкент қалалық жер комиссиясында анықталғандай 9 жер учаскесінің пайдалану мерзімі өтіп кеткен. Бүгінде жалпы алаңы 14,34 гектар жерді басқармаға рәсімдеу жұмыстары әзірленіп жатыр.

Айта кетейік, арнайы құрылған жұмыс тобының мониторинг жұмыстары жалғасады. Бұл бағыт бойынша бос жер телімдері анықталған жағдайда мемлекет теңгеріміне алынады.

Алдыңғы пост
Шымкентте кәсіптік оқыту науқаны басталмақ
Келесі пост
50 жастан асқан шымкенттіктерге жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu