Жаға ұстатарлық жағдай, Түркістанда орын алған. Адам құқығы жөніндегі уәкілдің айтуынша бойынша, балаларды салқын бөлмеге қамап тастау, адам қорлау фактісіне жатады.
Іс-сапар барысында қатысушылар мекеме аумағында кәмелетке толмаған 3 бала қамауға алынған қосалқы бөлмені анықтаған. Медбикенің айтуынша, балалар қызылшамен ауыратындықтан, онда «оқшаулау» үшін орналастырылған. Алайда кәмелетке толмаған жеткіншектер қамалған үй-жайдың жағдайы нашар: едендері бетон, терезесі сынған, дәретхана мен су жоқ. Сонымен қатар, олар ешқайда барып көмек сұрай алмайды. Мекемеде телефон байланысы жоқ, WiFi да қолжетімсіз, – делінген хабарламада.
Адам құқығын қорғау ұлттық орталығының басшысы Салтанат Тұрсынбекова Түркістан облысының прокуратурасына тиісті шағым қалдырды.