Ірі кәсіпорындардағы “Халықтық бақылау” жобасы – нені білу керек?

394

Шымкенттің 18 кәсіпорнында қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған “Халықтық бақылау” жобасы енгізілді.

“Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында қала кәсіпорындары мен мекемелерінде тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі”, – деп түсіндірді спикер. – Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша Шымкент қаласының 1452 кәсіпорнында еңбек қауіпсіздігі бойынша өндірістік кеңестер өткізілді. Жыл басынан бері 374 зиянды және қауіпті жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі бойынша аттестаттау өтті. Сондай-ақ, 112 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі халықаралық және ұлттық стандарттар енгізілді. Өңірдегі үш кәсіпорынның қызметі декларацияланып, оларға сенім сертификаттары табыс етілді. Бұдан басқа, “vision Zero – нөл жарақат “тұжырымдамасына 70 кәсіпорын қосылған”, – дейді Бауыржан Қалжанов

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы ірі кәсіпорындарда “халықтық бақылау”жобасын енгізуді тапсырған болатын. Оның шеңберінде мүгедектігі бар адамдар өнеркәсіптік кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау техникасының сақталуын қамтамасыз етуге қатысады. Бастама кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды бақылауды күшейтуге бағытталған. Ал” халық бақылаушылары ” ретінде мүмкіндігі шектеулі жандарды тартады. Бейнебақылау жүйесінің көмегімен олар зауыттар мен кәсіпорындардың цехтарында болып жатқан оқиғаларды ауысыммен бақылайды және қауіпсіздік ережелерінің бұзылуын қадағалайды.
Ел Президенті атап өткендей, мұндай жоба мүгедектігі бар адамдардың қоғамға бейімделуіне ықпал етеді.
Айта кетейік, Қазақстанда әртүрлі дәрежедегі мүгедектігі бар 630 мың адам бар, олардың 30% – дан аспайтын жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген.

Еңбек заңнамасы бұзылған жағдайда қайда жүгінуге болады?

Еңбек заңнамасы бұзылған жағдайда Сіз тұрғылықты жері бойынша немесе жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекторға еңбек заңнамасын бұзу фактілері туралы шағыммен не сот органдарына жүгінуіңіз қажет.  Еңбек шартының талаптары бұзылған жағдайда қызметкер еңбек заңнамасын бұзу туралы шағыммен еңбек инспекциясының уәкілетті органына жүгіне алады.

Шағым жазбаша нысанда жұмыс берушінің Т.А. Ә., лауазымы, толық атауы, оның орналасқан жері және еңбек шартының талаптарын бұзу фактісінің сипаттамасы көрсетіле отырып беріледі. Егер қызметкердің құқықтарын бұзу фактісі анықталса, онда мемлекеттік еңбек инспекторы жіберілген бұзушылықтарды жою туралы талаппен жұмыс берушіге ұйғарым шығарады. Еңбек заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ұмытпаңыз.

Алдыңғы пост
2022 жылы Шымкентте миллион шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған
Келесі пост
Шымкент жастар лигасы: үшінші мегаполисте баскетболдан жарыс өтті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu