391
Еліміздегі ұялы байланыс операторларына былтырғы жылдың қорытындысымен сапасыз қызмет көрсеткені үшін 3 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бюджетке заңнамада көзделген жеңілдікті ескере отырып, 1 млрд 644 млн теңге төленді, – делінген хабарламада.
Оның ішінде операторлар бойынша:
Tele2 – 751,4 млн теңге;
Kcell – 563,2 млн теңге;
Beeline 329,4 млн теңге төлеген.