Көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан құрамасы АҚШ командасын жеңді

161

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы мұхиттың арғы жағынан арнайы келген америкалық ковбойларды жеңді. Есеп, 12-4.

Айта кетейік, «Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түседі. Көкпардан бақ сынайтын құрамалар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия.

Бас бапкер Ақылбай Манкеев қазақстандық спортшылардың бұл ойында жақсы нәтиже көрсететініне сенімді болған еді. Үміт ақталды.

Жарыстар Қазақстан Республикасы Көкпар федерациясының ережелері бойынша өткізіліп жатыр.

Финалдық ойындар 12 қыркүйекте өтеді.

Алдыңғы пост
Париж Паралимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды
Келесі пост
Автобустан құлап кеткен тұрғын 13 млн теңге өтемақы алды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu