Кентау қаласының экс-әкімі Рашид Аюповқа қатысты тергеу аяқталды

346

Антикоррупциялық қызмет Кентау қаласының  бұрынғы әкіміне қатысты тергеуді аяқтады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

«2013 жылы ол Премьер-министр кеңсесінің қызметкері бола отырып, ірі жеке меншік компаниясының меншік иесін жауапты лауазымды тұлғаларға аса ірі сомада пара беруге көндірген. Осы үшін құрылыс бойынша тендерде жеңісті қамтамасыз етуге уәде берген. Талап етілген соманы алып, өзіне қалдырып, ақшасының бір бөлігін Астана қаласынан жаңа үй, қымбат тұратын автокөлік және бірнеше жүк техникасын сатып алуға жұмсаған» делінген мәліметте.

Оның әрекеттері аса ірі көлемде пара беруге арандату және алаяқтық ретінде сараланған. Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауда отыр.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдары қабылданған шешімнің заңдылығын тексеру және одан әрі сотқа жолдау үшін Астана қаласының прокуратурасына тапсырылды.

Алдыңғы пост
Шымкентте Метрологияның 100 жылдығы атап өтілді
Келесі пост
Арзан бағада алтын алмақ болған шымкенттіктер алданып қалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu