Түркістанда көлік жолаушысынан 1 келіге жуық есірткі табылды

194

Түркістан қаласында жеңіл көлік жолаушысынан 1 келіге жуық марихуана тәркіленді. Обылстық Полиция департаментінің мәліметінше, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі құралдарын заңсыз сақтау және тасымалдау дерегін анықтады. Облыс орталығының шағын аудандарының бірінен  күмәнді “Равон” маркалы автокөлікті тоқтатқан. Тексеру кезінде көліктегі жолаушыдан есірткіге ұқсас заты бар қорап табылды. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Оның қорытындысына сәйкес алынған заттың 1 келіге жуық марихуана екені расталды.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Алдыңғы пост
«Әкімдік қызметкерімін». 33 жастағы ер кісі пәтерге мұқтаж тұрғындарды сазға отырғызып кетті
Келесі пост
Павлодарлық тұрғын отбасылық жанжал кезінде граната жарып жібермек болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu