Кентауда көпқабатты тұрғын үй өртенді

302

Түркістан облысы Кентау қаласында 3 қабатты тұрғын үй отқа оранды. Оқиға өткен демалыс күні түнгі сағат 22.00 шамасында болған.

Өрттің ауданы 4 шаршы метрді құраған. Оқиға орнына облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 10 адам мен 4 техника жұмылдырылды.

«Көпқабатты тұрғын үйден  50 адам, оның ішінде 10 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Өрт сағат 22.11-де оқшауланып, сағат 22.30-да сөндірілді. Зардап шеккендер тіркелген жоқ» деп атап өтті Төтенше жағдайлар министрлігіндегілер.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен материалдық шығыны анықталуда.

Алдыңғы пост
Шымкент: әлеуметтік осал топтарынан шыққан жасөспірімдер бизнес негіздеріне тегін оқытылады
Келесі пост
Шымкенттегі бірегей және сирек кездесетін аппарат өмірді сақтап қалуға көмектеседі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu