Колледж студенттері енді жаңа оқу бағдарламасымен оқитын болды

546

2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап колледждерде 6 бағыт және 16 пән бойынша жаңа үлгілік оқу бағдарламалары енгізіледі. Олардың қатарында педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық, техникалық-технологиялық, көркемдік-технологиялық, аграрлық-технологиялық, қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бар. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті басшылығы хабарлады.

Жаңа үлгілік оқу бағдарламаларында жұмыс беруші талаптары мен өңір ерекшеліктері  ескеріледі және сағат саны мен тақырыптардың мазмұнын 25%-ға дейін өзгерту  көзделген. Департамент директоры Ернат Жүнісовтің айтуынша, жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламаларында білім алушылардың ынтасын, қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін бейіндік бағыт ескеріледі. Ол мамандыққа қатысты кәсіби-танымдық қызығушылықтың дамуына ықпал етеді. «Мысалы, «көлем» тақырыбын алатын болсақ, оны зерттеу кезінде арнайы пән мұғалімі сабақты қозғалтқышы бар шеберханада өткізуге болады.

Педагог оның қалай жұмыс істейтінін сол жерде көрсетеді. Одан кейін студенттермен бірге қозғалтқыш, жану камерасы секілді басқа да элементтерінің сызбасын қарастырады. Маман үшін білім берудің бұл әдісі өте маңызды, бұл тәсілді математиканы оқытуда да пайдалануға», – деді департамент директоры Ернат Жүнісов.

Айта кетейік, колледжге түсетіндердің  80%–ы 9-сынып түлектері. Олар бірінші жылы жалпы білім беретін пәндерді оқиды. Бұрын колледждер жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларына негізделсе, енді пәндер студенттер таңдаған мамандыққа бағдарланған практикалық сабақта оқытылады.

Алдыңғы пост
«Пышақпен қорқытқан»: Түркістандықтық тұрғыннан екі жігіт 5 млн бопсалаған
Келесі пост
Түркістан облысында 5 сынып оқушысының анасы ұлы зорланғанын айтты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu