Шымкентте екі бүлдіршін 4-ші қабаттан құлап кетті

Теги: , ,
272

Шымкентте екі бүлдіршін көпқабатты үйдің 4-ші қабатындағы терезеден құлап кетті. Екі оқиға да бір күнде болған. Балалар ересектердің қарауынсыз қалып қойған екен. 

Дағдарыс жағдайда басқару басқармасына 10 тамызда сағат 16.35-те «103» жедел жәрдем қызметінен хабарлама келіп түскен. 2022 жылы дүниеге келген кішкентай қыз №17 шағын ауданындағы 5 қабатты тұрғын үйдің 4-ші қабатындағы терезесінен құлап, дереу ауруханаға жеткізілді.

Ал екінші жағдай туралы хабар төтеншеліктерге  сағат 20.35-те келіп түскен. Оқиға “Спорт” шағынауданында болған. 5 қабатты тұрғын үйдің 4-ші қабатындағы терезесінен  2019 жылы дүниеге келген ер бала құлап кеткен. Ол да шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.

Екі бүлдіршіннің де жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиғаның мән-жайын Полиция департаментінің қызметкерлері анықтауда.

Қалалық ТЖД мәліметінше, жыл басынан бері Шымкентте 6 бала терезеден құлап кеткен. Оның ішінде екі қайтыс болған, 4 бала жарақат алып отыр. Барлық оқыс оқиғаларда бүлдіршіндер ата-анасының қарауынсыз қалған.

Алдыңғы пост
Флорист жігітті соққыға жыққан экс-полицейдің тағы бір видеосы пайдаболды
Келесі пост
Шымкентте тәжік елінің ауыл шаруашылығы өнімдері және өнеркәсіп тауарларының жәрмеңкесі өтеді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu