376
Бортында үш мыңнан аса адам бар норвегиялық Norwegian Dawn круиздік кемесі тырысқақ ауруының өршуіне байланысты Маврикийде карантинге алынды деп хабарлайды USA Today басылымы. Кеме Оңтүстік Африканы аралап жүргенде бірнеше жолаушыдан қауіпті инфекцияның белгілері біліне бастаған.
Ресми мәлімет бойынша, дәрігерлер өзін нашар сезінген 15 адамды оқшаулап, қан талдауын алған. Нәтижесі, 48 сағаттан соң белгілі болмақ.
Айта кетейік, қазір Кейптауннан круизге шыққан кеменің бортында екі мыңнан аса жолаушы мен 1 мың экипаж мүшесі бар екен.