Әл-фараби ауданында 531 көпқабатты тұрғын үйге сығымдау жұмыстары жүргізілді

185

Бүгінде аудан аумағындағы көпқабатты 926 көпқабатты тұрғын үйдің 857-сі орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Үйлерді жылу маусымына дайындау бойынша «Қуатжылуорталық-3» МКК-мен және аудан аумағындағы 7 сервистік қызмет көрсететін мекемелермен бірлесе арнайы іс-шара жоспары бекітілген.

Осыған дейін көпқабатты 857 тұрғын үйдің 531-не сығымдау жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда дайындық көрсеткіші 62%-ға жетіп отыр. Өз кезегінде тұрғындар үйдегі жылыту қондырғылары мен қазандықтарының техникалық жай-күйін алдын-ала тексеріп, жөндеу, сығымдау жұмыстарын жүргізуі қажет. Тұрғындар 15-қыркүйекке дейін сығымдау актісін тапсыруы тиіс. Акт тапсырылмаған жағдайда жылу берілмейтінін ескертеміз.

Сонымен қатар, Еңбекші ауданы аумағындағы көпқабатты 283 тұрғын үйдің 175-і орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Көпқабатты тұрғын үйлерді жылу маусымына дайындау бойынша «Қуатжылуорталық-3» МКК-мен бірлесе және аудан аумағындағы 7 сервистік қызмет көрсетуші мекемелерімен арнайы іс-шара жоспары бекітілді. Көпқабатты 175 тұрғын үйдің 105-іне сығымдау жұмыстары жүргізіліп, қазіргі уақыта қысқы жылу маусымына дайындық көрсеткіші 60% құрап отыр.

Қала тұрғындарына алдағы жылу маусымына дайындық жұмыстарын сервистік компаниялармен келісім-шарт түзу арқылы іске асыруды немесе өз күштеріңізбен жүргізу керектігін ескертеді.

Еңбекші ауданында 7 сервистік компания 64 тұрғын үйге қызмет көрсетуде.

Олар:

«Теплокомсервис» ЖШС -ы (16 шағын ауданы, тел: 8-702-655-05-82),

«Нұр-Арыстан» ЖШС -ы (Түркістан көшесі №314, тел: 8-701-727-45-47),

ЖК «Шоманбаев» (Ш.Уәлиханов көшесі №213А, тел: 8-705-483-85-54),

ЖК «Аскар» (Елшібек батыр көшесі №114, тел: 8-705-885-77-30),

«Kaz construction service-2020» ЖШС,

«NUR-D» ЖШС (Кожанов көшесі №1/10, тел: 8-708-478-60-38; 8-778-526-80-20),

ЖК «МолИз» (Академгородок №61, тел: 8-701-728-56-98

Сонымен қатар туындаған мәселелер мен қосымша ақпарат үшін Еңбекші ауданы әкімінің аппараты байланыс номері: 8 /7252/ 53-27-43; «WhatsApp» арқылы: 8-708-326-10-58 номеріне хабарласа аласыз.

Тұрғындарға жылыту қондырғылары мен қазандықтарының техникалық жай-күйін алдын-ала тексеруді, жөндеу жұмыстарын жүргізуді және сығымдаудан өткізуді сұраймыз. Сығымдау актісі болмаған жағдайда жылу берілмейтіндігін ескертеміз!

Алдыңғы пост
«Жұлдыз» тұрғын алабын инфрақұрылыммен қамту жұмыстары жүргізілуде
Келесі пост
“Жүгір немесе өлесің” ойыны жалған ба?

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu