Әл-фараби кітапханасында 181 жыл бұрын жарық көрген көне кітап сақталған

467

Бүгінде Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми әмбебап кітапханасында 181 жыл бұрын жарық көрген көне кітап мұрағатта сақтаулы тұр. Бұл – кітапхананың “Сирек қор” бөлімінде ағылшынның көрнекті жазушысы Вальтер Скоттың 1824 жылы Лондонда жарық көрген «Қызыл қолғап» /Редгонтлет/ атты тарихи романнының ІІ – томы. Ағылшын тіліндегі бұл кітап 328 беттен тұрады.

Осы секілді 4000 дананы құрайтын сирек кітаптар бөліміндегі көне кітаптар жойылып кетпей, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мақсатында бүгінде электронды форматқа көшірілуде.

Жалпы Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап  кітапханасы барлық  оқырман  санаттарына  арналған көпшілік  кітапхана  болып табылады. Жалпы кітап қоры – 420 949, сирек кітаптар бөлімінің қоры – 4000 дананы құрайды.

Ал, Шымкент қалалық орталыктандырылған балалар кітапханалар жүйесінің жалпы кітап  қоры – 418 046 дананы құраса, оның ішінде балалар әдебиеті – 390 492 дана.  Кітапхана мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге, 1-9 сынып оқушыларына, тәрбиешілер мен мұғалімдерге, жылына жалпы 392 мыңдан астам келушіге қызмет көрсетеді. Балаларға қызмет көрсететін қалалық кітапханалардағы кітап қоры мемлекеттік тапсырыс бойынша  отандық, шетелдік ақын-жазушылардың әдебиеттерімен толықтырылады. Оның басым бөлігі көркем әдебиеттер болса, жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға оқырман сұранысына орай танымдық  кітаптар алынады.

Бқдан бөлек, Шымкент көшелерінде ерекше орындықтар пайда болған айтқан болатынбыз. Бұл қызықты, әрі креативті жобаны қолға алған Абай кітапханасына қарасты бөлімшілер. Аталған кітапханалар жүйесіне қарасты №1, 10 кітапхана ауласында электронды кітаптар сөресі бейнеленген орындықтар қойылды. Бұл орындықтарда қазақтың ақиық ақын, жазушыларының шығармалары, сондай-ақ әлемдік бестселлер кітаптарының мұқабасы суреттелген.

Бір қызығы әр орындыққа ерекше атау беріліпті. Мәселен, “Оқы. Таны. Талқыла” атты орындыққа Төлен Әбдіктің «Парасат майданы», «Өліара», «Оң қол», «Ақиқат» атты көркем дүниелері қойылса, «Мәдениеттің мәйегі – кітап» орындығына жазушы Ғ.Мүсіреповтың “Ұлпан”, Ә. Нұршайықовтың “Махаббат қызық мол жылдар, М.Әбдәкімұлының “Сүлеймен қарақшы”, С.Көбеевтің ” Қалың мал” романдарын QR код арқылы электронды нұсқасын смарттелефон арқылы оқи аласыз.

Жалпы «Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 24 кітапхана мемлекеттік бюджетке қарайды. Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты 1 – Абай атындағы қалалық орталық кітапхана,  23 – кітапхана бөлімшелері оқырмандарға  кітапханалық қызмет көрсетеді.

Алдыңғы пост
Шымкент: жыл сайын 300 шақырым жол жөндеуден өтеді
Келесі пост
Шымкент: үш жылда 792 шақырым жол жөнделді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu