Ұландықтарға жолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізілді

206

Орал қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінің клубында, әскери полицияның ұйымдастыруымен бөлімнің әскери қызметшілеріне жолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

       Кездесуге Орал қалалық полиция басқармасының батальон командирінің кадр жөніндегі орынбасары, полиция капитаны Сабит Ғабитұлы келіп қатысты.

       Шара барысында әскерилерге жол ережелері, жол қозғалысы кезінде құқық бұзушылыққа алып келетін әртүрлі себептердің алдын-алу туралы айтылды. Сонымен қатар, жол-көлік оқиғасын байқап қалған жағдайда көрсетілетін бірінші медициналық көмек пен бірінші кезектегі іс-қимылдар тәртібі, түсіндірілді. Және кездесу барысында әскери қызметшілерге жол жүру ережелерін бұзып, көлік-құралын мас күйінде басқарып апатқа ұшыраған жол-көлік оқиғалары туралы видео-ролик көрсетілді.

      Кездесу барысында әскери қызметшілер жолда жүру ережелері туралы көптеген сұрақтар қойып, сауалдарына тиісті жауаптарын алды.

      Кездесу соңында бөлім командирінің техника және қару жарақ жөніндегі орынбасары майор Метельский Григорий Олегович, әскери қызметшілерге ұқыпты болудың, жолда жүру ережесін қатаң сақтаудың қаншалықты маңызды екені айтып жеткізді.Сонымен қатар патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне әскери бөлім жеке құрамымен кездесіп, осындай пайдалы ақпаратпен бөліскендері үшін алғысын білдірді.

Капитан, Әубәкір Ертуған

Алдыңғы пост
Сауль Канело Альварестің келесі қарсыласы кім?
Келесі пост
Оралдық кәсіпкер 605 млн теңге салық төлеуден жалтарған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu