Ұландықтар «Burkit» фильмін тамашалады

204

Ағымдағы жылдың 2-қарашасы күнінен бастап еліміздің барлық кинотеатрында шынайы оқиға негізінде түсірілген «Burkit» арнайы жасағы туралы фильм көрерменге жол тартты. Фильмде «Burkit» – арнайы жасақта қызмет ететін үш достың хикаясын бейнеленеді. Олардың күнделікті орындайтын жауынгерлік міндеттері, қауіпті қылмыстық топтарға қарсы тұру, сондай-ақ өздерінің бастарынан өткен қиындықтарға қарамастан нағыз достық пен адалдықтың үлгісі көрсетілген.

«Burkit» арнайы жасағы туралы фильмді тамашалайтын киносүйер қауымның саны айтарлықтай көп болды. Олай деп айтуымыздың себебі кино залдарында ине шаншар орынның болмағандығы Отандық фильмнің жоғарғы деңгейде түсірілгенін аңғартады.  

Отандық фильмді Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы да тамашалады. Фильмді тамашалауға Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Сағынғалиұлы, «Батыс» өңірлік қолбасшылықтың қолбасшысыгенерал-майор Арман Жұмағалиев және бірлесіп іс-қимыл жасайтын органдардың басшылары мен өкілдері қатысты.  

«Burkit» арнайы жасағы туралы фильмніңбасты мақсаты –кинокартинаның кейіпкерлері арқылы өскелең ұрпаққа, жастарға, болашақ отан қорғаушыларға Отанға деген сүйіспеншілікті, достық пен патриотизмді, намыс пен абыройды, Әскери антқа және қызметтік міндетке деген адалдықты жеткізу. Сонымен қатар, Қазақстанның арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің негізгі міндеттерін көрсету – деді, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар басқармасының бастығы полковник Ерден Балғымбаев.

Айта кетейік, Ұлттық ұланның арнайы мақсаттағы бөлімшелеріне арналған көркем фильм мемлекет басшысының әскерге шақыру жасындағы және әскерге дейінгі жастармен жұмысты күшейту, оларды отансүйгіштік және Отанға қызмет ету рухында тәрбиелеу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырмасымен түсірілген.

Капитан, Ертуған Әубакир

Алдыңғы пост
Қала әкімі үндістан республикасының елшісімен кездесті
Келесі пост
Ғабит Сыздықбеков: «Әрбір құрылыс сапалы атқарылуы тиіс»

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu