Әлеуметтік желіде ер адамдармен қыз боп танысқан жас жігіт 3 млн теңгені қалтасына басқан

290

Қостанайда әлеуметтік желілерде өзін қыз ретінде таныстырып, парақша ашқан алаяқ жігіт ұсталды. Ол жалған аккаунт арқылы жергілікті тұрғыннан емге қажет деп 3 миллион теңгені қалтасына басқан.

«Күдікті әлеуметтік желілер арқылы алдау және сенімін асыра пайдалану арқылы жалған парақ құрып, қыздың атынан емдеу сылтауымен шамамен 3 млн теңге сомасында ақшалай қаражатты иемденген. Танысу барысында жәбірленуші жалған қызға шамамен 5 ай көлемінде ақша аударып отырған. Полицейлер заттай дәлелдемелер ретінде банк карталарын, SIM карталарын және ұялы телефонды тәркіледі», – деді Қостанай облыстық ПД киберқылмыспен күрес бөлімінің бастығы Олжас Мағыпаров.

Күдікті деп танылған 27 жастағы жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Астанада үшем дүниеге келді
Келесі пост
Қазақстанда ішкі туристер саны 8,6 млн-ға жетіп, рекорд жаңарды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu