Астана қаласында «Bilim orkenieti» орталығыұйымдастырған «Қазақстан Республикасыныңжылдың үздік маманы» республикалықпатриоттық байқауының қорытындысышығарылды.
Аталған іс-шараның мақсаты – Мемлекетбасшысының «Жаңа Қазақстан: Жаңару жәнежаңғыру жолы» атты Қазақстан халқынаЖолдауын насихаттау, жастарға тәуелсіздіктіңқасиетті ұғым екенін, халықтың ұлттық бірегейлігімен бірлігінің маңыздылығы туралы түсіндіру, сондай-ақ Тәуелсіздік жылдарында өз ісініңшебері бола білген және адал қызметі арқылы ел дамуына өз үлесін қосып жүрген азаматтардыжастарға үлгі етіп, қоғамға кеңінен насихаттау.
Бұл байқауда барлығы 20-ға жуық номинация болды, оның ішінде білім және ғылым саласыныңмамандары; медицина; спорт және мәдениет, өнер; және әдебиет саласының мамандары; кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері, құқыққорғаушылар мен экономистер болды. Барлығы600-ден астам өтінім қабылданып, олардыңүштен бірі конкурстың екінші кезеңіне өтті.
2022 жылдың қорытындысы бойынша«Әскери сала» номинациясында Ұлттық ұланофицері – «Батыс» өңірлік қолбасшылығыныңАқтөбе қаласында орналасқан 6655 әскерибөлімінің артиллериялық-зениттік дивизионы зениттік взводының командирі лейтенант ҰланМырзабай үздік деп танылды. Оған «ҚР жылдыңүздік маманы» энциклопедиясы, «ҚР жылдыңүздік маманы» медалі, куәлігі және Құрметграмотасы табыс етілді.
Естеріңізге сала кетейік, ол 2022 жылдың 5қаңтарында елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезіндеарандатушылардың белсенді үгіт-насихатынақарамастан, олардың жағына өтуден түбегейлібас тартып, өзінің Отан алдындағы антына адал, тұрақтылықтың кепілі болуға дайын екенінкөрсетті. Жас офицер осы әрекеті арқылыбұқаралық-ақпарат құралдарында#Бұйрықтыңатыбұйрық хэштегімен танымалболды.
Байқау қорытындысы бойыншамарапаттаудың негізгі салтанатты бөлігіелордада, Министрліктер үйінде өтті. Марапаттаушарасына және энциклопедияның тұсаукесерінеосы басылымға енген барлық номинанттарқатысты. Қорытынды конференция барысындаҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ЛәззатРамазанова сияқты еліміздің танымал тұлғаларыүздік азаматтарға арнайы сыйлықтар мен төсбелгілерді табыстады.
Капитан, Ертуған Әубакир