Мбаппе “Реалмен” келісімшартқа қол қойды

178

ПСЖ командасының шабуылшысы Килиан Мбаппе мансабын “Реалда” жалғастырады. Футболшы “корольдік клубпен” 2029 жылға дейін келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Marca.

Беделді басылым ақпараты бойынша Мбаппе мен “Реал” арасындағы келісім 2024 жылдың 1 маусымынан бастап күшіне енеді. Осыған дейін шабуылшы ПСЖ командасы басшылығына жаңа келісімшарт ұсынбауларын сұрап, “Реалмен” келісім жасасып қойғанын айтқан.

Мбаппе ПСЖ командасында 2018 жылдан бері ойнап келеді. Бұл аралықта 290 ойынға қатысып, 243 гол соққан, 105 нәтижелі пас берген. Париждік клубпен қазіргі келісімшарты 2024 жылдың жазында аяқталады.

Алдыңғы пост
Полицейлер қыздың өмірін өлімнен арашалап қалды
Келесі пост
Оңтүстіктен солтүстікке көшу дұрыс па?

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu