Ғылым және жоғары білім министрлігі қашықтан оқыту бойынша білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарға өзгеріс енгізуді ұсынды.
Яғни, білім беру ұйымдарына қойылатын талаптардан және қашықтан оқу процесін ұйымдастыру қағидаларынан, сонымен қатар жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларынан педагогтерді қашықтан даярлау нормасы алынып тасталады.
Құжат 13 наурызға дейін қоғам талқылауында болмақ. Бұл, Ашық НҚА сайтында жарияланған.
“Білім туралы” заңның 37-2-бабының 2-бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда (тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізу) педагогика ғылымы және денсаулық сақтау саласында кадрларды қашықтан оқытуға жол берілмейді”, – делінген толықтыруда.