Қызылордада 7 жасар қыздың мәйіті табылды

Теги: , ,
217

Қызылорда облысында жоғалып кеткен қыздың денесі табылды. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалды.

7 тамызда Қармақшы аудандық полиция бөліміне Тұрмағанбет ауылы  тұрғынынан 7 жастағы қызының жоғалғандығы туралы хабарлама түсті. Әкесінің айтуы бойынша, оның қызы 6 тамыз күні кешкі уақытта үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

ІІМ Telegram-каналының жазуынша, қыздың ата-анасы және туыстары оны өз күштерімен табуға тырысқан. Алайда іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң полицияға жүгінген. Хабарлама түскен сәттен бастап полиция қызметкерлері дереу іздеу жұмыстарына кірісті. Жоғалған қызды іздеуге Қармақшы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы, ТЖД, аудан әкімдігінің қызметкерлері, еріктілер, жалпы 60-тан астам адам жұмылдырылды.

Бүгін сағат 13:00 шамасында қыздың мәйіті “Үбіс” каналынан табылды. Мәйіттің денесінде зорлық – зомбылық белгілері байқалмайды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қыз каналға суға батып кеткен. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Балаларға арналған банк карталарын енді қамқоршылары онлайн аша алады
Келесі пост
Қызылсай тұрғын алабында теміржол асты өткелінің құрылысы басталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu