319
Жаға ұстатарлық жағдай, Павлодар облысында орын алған. 8-сынып оқушысы өгей әкесінен құрсақ көтерген. Жасөспірімнің аяғы ауыр екенін сынып жетекшісі байқаған.
“Оқушымыз қыркүйекте мектепке келді. Одан кейін мүлде көрінбей кетті. Анасының айтуынша, ол бір ай бойы ауырыпты. Ал қарашада оқушы мектепке келгенде сынып жетекшісі оның аяғы ауыр екенін байқап қалған. Сол кезде оқушының анасы мектепке шақырылды. Екеуі дереу ауруханаға барып, тексерілді. Ауруханада оқушының аяғы ауыр екені анықталды. Сәбиге 25 апта болыпты, – деп хабарлады облыстық білім басқармасы.
Білім басқармасы бірден полицияға шағым түсіріп, күдікті ретінде өгей әкесін ұстады.